Call center
+7 (700) 442-00-00

Қажылық жасаушы мұсылмандар үшін қолжетімді бағамен жайлы турлар

Қажылық және Ұмра 2024 Қазақстан:

Алматы, Астана, Ақтау, Түркістан Шымкент қалаларынан Мекке және Мединаға баратын турлардың бағасы

Өтінім жіберу
Сапардың нақты бағасы мен қажылыққа қажетті нәрселерді білу үшін. Қажылықты ұйымдастыру бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап береміз!

Қажылық және Ұмра 2024 Қазақстан: Алматы, Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларынан Мекке мен Мәдинаға апаратын турлардың бағалары

Стандарт пакет
9-14 күн

Бұл пакет ең ыңғайлы ұмра үшін барлық жағдайларды қамтиды. Мекке мен Мәдинаның ең жақсы қонақ үйлері қамтылған. Қонақүйлердің орталыққа жақын орналасуы сізге әрдайым әлемнің басты Мешітінің жанында болуға мүмкіндік береді.

               
752 950₸
712 950₸
Altyn пакет
9-11 күн

Бұл пакет ең ыңғайлы ұмра үшін барлық жағдайларды қамтиды. Мекке мен Мәдинаның ең жақсы қонақ үйлері қамтылған. Қонақүйлердің орталыққа жақын орналасуы сізге әрдайым әлемнің басты Мешітінің жанында болуға мүмкіндік береді.

1 045 950₸
1 005 950₸

Тур құнына не кіреді?

icon

Алматы, Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкенттен тікелей рейстер арқылы барып-қайту билеттері

icon

Ұмра сапары үшін қолжетімді бағамен жайлы турлар

icon

Қасиетті жерлерге экскурсиялар

icon

Қазақстаннан келген қажыларға толықтай қолдау көрсету

icon

Әуежайда қарсы алу және шығарып салу

icon

Визаны рәсімдеу

icon

Ұмра алдындағы дайындық сабақтары

icon

Құлшылықтарды атқаруда бағыт-бағдар көрсету

icon

Діни білімі жоғары кәсіби гидтер

Қажылық және Ұмра 2024 Қазақстан: Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан Мекке мен Мәдинаға апаратын турлардың бағалары

Алланың үйіне қажылық жасау - әр мұсылманның атқаруы тиіс қасиетті борышы. Сол себепті «Ұмра 2024 Қазақстан бағалары» сұранысы интернеттегі іздеу жүйелерінде жиі кездеседі. Біз іс-шара өткізілетін күндерді қадағалап, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және т.б. қалалардан ұшатын жайлы турлардың кестесін жасаймыз. Осылайша, әр адамға қасиетті жерлерде алаңсыз құлшылық жасау мүмкіндігін ұсынамыз.

Біз ұсынатын қажылық және ұмра турларының ішінен қажылық турлары сирек ұйымдастырылады. Сондықтан қажылық турынан орын алу оңай емес. Ең дұрысы, үлкен қажылыққа билет сатып алуды алдын-ала ойластырған жөн. Бізде түрлі пакеттер бар. Барлығы ішіне кіретін пакеттерді таңдаңыз: орналасу, трансфер, іс- шараға рұқсат қағаздары. Біз жаман әдет-дағдылардан арылуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар қауіпсіз сапар, жайлы қонақ үй, тамақтану және басқа да қосымша іс-шараларды қамтамасыз етеміз. Бізде бағасы мен толықтығы бойынша ең жақсысын таңдауға мүмкіндік беретін түрлі пакеттер бар. Қолжетімді баға – бұл біздің компаниямыздың елеулі ерекшелігі.

icon

Кіші қажылық- Ұмра

icon

Сөз жоқ, қажылық жасап, Мекке мен Мәдинаны көру әр мұсылманның арманы. Қажылық сапары қысқа мерзімде атқарылатын құлшылық. Сол себепті кейде түрлі қиындықтар тууы да ғажап емес. Дегенмен, мұның да шешімі бар – Ұмра Алматы.

Ұмра – бұл да Алланың үйіне қажылық. Бірақ ол үлкен қажылықтан әлдеқайда жиі өткізіледі. Ал бұл болса, сапар үшін ыңғайлы күнді таңдауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның қарапайымдылығына қарамастан, ұмра жасаушы да үлкен қажылықтағыдай тазарып, рухани азық жинап қайтады. Алматыдан ұмраға бару үшін сайтта көрсетілген дайын пакеттердің бірін брондау жеткілікті. Сондай-ақ, бағасына: орналасу, тамақтану, қасиетті жерлерге экскурсиялар және т.б. кіретін барлығы қамтылған пакеттер де бар.

Жолаушы қай пакетті таңдаса да сапарда ерекше күйге бөленіп, жақсы әсер алары сөзсіз. Ол уақытын тиімді пайдалана отырып, сол елдің көптеген мәдениетімен таныса алады. Сайтта Мекке мүкаррамаға баруға мүмкіндік беретін кез-келген бюджетке сай ұсыныстар бар.

Ұмраға не кіреді? Кіші қажылық деген не?

icon

Құлшылық жасауда бағыт-бағдар көрсету

icon

Қажыларға арналған күнделікті уағыздар

icon

Қажылардың қауіпсіздігін бақылау

icon

Жергілікті SIM-картаны сатып алу

icon

Валюта айырбастауда көмек көрсету

icon

Жақындарға сыйлық таңдауда көмек көрсету

icon

Қажыларға түрлі көмек көрсету

Ұмра

Ұмра - бұл тазару және рухани азық алу мақсатындағы ұлы сапар. Сондықтан, бұл құлшылықта ұстанатын көптеген ерекшеліктер бар. Сіз ұмраға тапсырыс берсеңіз, оның ішіне іс-шараға рұқсатнамамен қатар киім, яғни ерлерге желетка мен әйелдерге арналған абая кіреді.

Ұмраның ерекшеліктері жолаушының қандай жол көлігін таңдағанына тікелей байланысты. Жермен сапарға шыққан жолаушы ниетті топтың басшысы белгілеген жерде (миқатта) жасауы керек. Әуе көлігін таңдаған жолаушылар болса, миқаттың үстінен өтіп бара жатқанда ниеттенеді. Осыған ұқсас басқа да ерекшеліктерді гидтер түсіндіріп, көмектесіп отырады.

Қажетті құжаттар
picture
Төлқұжат

Шетелдік паспорт (визаның қолданылу мерзімі аяқталған сәттен бастап кемінде 6 ай бойындағы жарамдылық мерзімі)

picture
Төрт фотосурет

Ақ фонда түсірілген 4x6 өлшемді төрт түрлі-түсті фотосурет (әйелдер орамалмен түсу керек)

picture
Туыстық құжат

45 жасқа дейінгі әйелдер үшін - еріп жүрушілермен (махрам) туыстық дәрежесін растайтын құжат (түпнұсқа).

picture
Халықаралық сертификат

Менингитке қарсы вакцинация туралы халықаралық сертификат (Алматы қаласындағы анықтама: 274-05-96, 291-79-65)

Ұмра қажылығы қалай өтеді? – видео

Ұмра

Ұмра (араб عمر .ة ) — Меккеге, сондай-ақ әл-Харам мешітіне барудан тұратын кіші қажылық. Ұмра қажылық айларының сыртында кез-келген уақытта жасалады.

Ұмра жасау үшін белгілі уақыт жоқ, кез-келген уақытта атқаруға болады.

Ұмра қанша күнге созылады?

picture

Көптеген адамдардың жұмыс істейтінін ескерсек, ұмраның жасалу мерзімі маңызды мәселелердің бірі. Турлардың мерзімдерінің әртүрлі екенін байқауға болады. Кейбір пакеттерге қосымша қасиетті орындарға бару және демалу кіреді. Сондықтан турдың ұзақтығына назар аудармау керек.

Ұмраның ұзақтығы 7-10 күн. Әр топтың қасында үнемі өзінің жетекшісі болады. Жетекшінің міндеті – үйрету, кеңес беру, бағыт-бағдар көрсету. Сондықтан бұрын ұмраға бармаған мұсылмандардың өзі құлшылық қалай жасалатынын қиындықсыз түсініп алады.

Ұмраны дұрыс жасау үшін не істеу керек?
picture

Қажылық амалдары жай-жапсарын білмейтін адам үшін қиын, түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Ер және әйел адамдардың амалдары арасында айтарлықтай айырмашылық болғандықтан, көбірек сұрақ туындауы орынды. Қорыта айтқанда, егер сіз барлығын қамтитын пакет сатып алсаңыз, онда барлық сұрақтарыңыздың шешімі табылғаны. Барлығы қамтылған пакетке арнайы киімдер мен топ жетекшісінің тұрақты көмегі кіреді.

Ихрам (қажылықтағы киім) - бұл маңызды элемент. Ұмра жасау тәртібі бой дәрет алу мен ихрам киюді қамтиды. Ер адамдар үшін ихрам үш бөліктен тұрады: рида, изар және тәпішке. Әйелдер үшін киім құрамы әлдеқайда кеңірек, басқаша айтқанда шариғатқа сай келетіндей жабық киінуі жеткілікті.

Ұмра жасау алдымен ниет етуден басталады. Жермен баратын жолаушылар миқат орнына келгенде ниет етсе, әуе жолымен барушылар сол миқат орнының үстінен өтіп бара жатқанда ниет етеді. Меккеге келгеннен кейін біраз демалып алып, әл-Харамға барады. Қажылар бес күн бойы бірнеше діни құлшылықтар атқарады. Егер сізге кейбір амалдар түсініксіздеу болса, алаңдамаңыз. Жауапты гидтер міндетті түрде тасымалдау кезінде болсын, амал-құлшылық жасау барысында болсын қажетті жерлерін түсіндіріп отырады.

Қазақстандықтар үшін ұмра жасау қанша тұрады?
picture

Қазақстаннан ұмраға барудың қанша тұратынын нақты айту мүмкін емес. Турдың құны сапардың ұзақтығына, таңдалған қонақ үйге және қосымша экскурсиялардың болуына байланысты өзгереді.

Тарифтердің бірнеше түрі бар. Белгілі бір тарифті таңдағаннан кейін қажылық құнын нақты білуге болады. Біз жағдайы әртүрлі деңгейдегі адамдарға арналған тарифтерді ұсынамыз. Сол себепті, жол ақысы, қонақ үй және атқарылатын амалдан ғана тұратын эконом пакетті де таңдауға болады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандар үшін үлкен қажылық пен ұмра қажылығы қайда өтеді?
picture

Үлкен қажылық пен ұмра қажылығы бір жерде, атап айтқанда Сауд Арабиясында өтеді. Құлшылық амалдың өзі Меккеге қажылық жасап, ондағы Қағба муаззама мен әл-Харам мешітін зиярат етуден тұрады .

Көптеген адамдар үлкен қажылық пен ұмраны шатастырады. Нақтылай кететін болсақ, үлкен қажылық – бұл жылына бір рет қажылық айларында атқарылатын ғибадат. Ал ұмра болса, керісінше, үлкен қажылық күндерінен басқа уақытта жылдың кез келген күндерінде жасауға болатын амал.

2024 жылы ұмра қажылығы қашан басталады?
picture

ДҰмра күндерін турды таңдау кезінде сайттан көруге болады. Оны анықтау қиын емес. Ұмра үлкен қажылықтан басқа кез-келген күнде өткізіледі.

Белгіленген уақыт шеңберінің болмауы әрбір мұсылманның кез-келген уақытта Сауд Арабиясындағы әл- Харам мешітінде орналасқан Қағба муаззамада құлшылық жасап, рухани жаңарып қайтуға мүмкіндік береді. Сайттың ерекшелігі сол - әркім өзіне ыңғайлы күндерге ұмра пакетін таба алады. Ұмра қажылығы үшін әртүрлі пакеттер қарастырылған. Пакеттер арасындағы айырмашылықтар түрлі қонақ үй, қосымша экскурсиялардың болуы және Сауд Арабиясында болу ұзақтығына байланысты.

Ұмра қажылығын жасау қанша уақытқа созылады?
picture

Ұмраның ұзақтығы таңдалған пакетке тікелей байланысты. Яғни, жол жүрудің ұзақтығы мен қасиетті жерлерге қосымша экскурсиялардың болуына байланысты. Таңдалған пакетке не кіретіні және оның ұзақтығы неге байланысты екендігі туралы толық ақпаратты сайтымыздан таба аласыз.

Ұмра бес күнге созылады және ол Меккеге барар жолдан басталады. Өйткені, сапар алдында дәрет алып, ихрам киіп алу керек. Содан кейін ниет миқатта жасалады да сол жерден бастап ұмра амалдары басталады.

Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинаға қажылық жасау бойынша біздің қызметтеріміз

picture
Ұмраны ұйымдастыру
picture
Қажылықты ұйымдастыру
picture
Халал туризм
picture
Авиабилеттерді брондау және сату
picture
Визаларды рәсімдеу
Қажылық бойынша кеңес алу

Алматы, Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкенттен ұмра қажылығы 2024 турлары мен жолдамалары

Біз үлкен қажылық және ұмра үшін жайлы және толықтай қауіпсіз турлар ұсынамыз. Жолаушы Меккеге қажылық жасап қана қоймай, сонымен қатар қасиетті жерлерге қосымша экскурсияларды да қамтитын іс-шаралардың толық пакетін ала алады. Бұл пакет сол елдің мәдениетімен толығырақ танысқысы келетіндер үшін өте ыңғайлы.

Ұмра үшін жол ақысы, қонақ үй және іс-шараға рұқсатнама ғана кіретін бюджеттік турлар да бар. Осылайша, қалтаңызға қарай пакетті оңай, ешқандай қиындықсыз таңдауға болады.

picture
Қажылық кезінде Қазақстан қажылары баратын қасиетті және тарихи жерлер
picture
Сәуір тауындағы үңгір

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) және Әбу Бәкір (р.а.) құрайыш тайпасынан 3 күн бойы жасырынған үңгір. Үңгір қараған ағашы, көгершін және өрмекші торымен болған ғажайыптың куәсі болды.

picture
Нұр тауы және Хира үңгірі

Нұр тауы және Хира үңгірі Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құранның алғаш аяттары түсірілген жер.

picture
Арафат тауы

Арафат тауы (Рахмет тауы деп те аталады), Меккеден 20 шақырым жерде орналасқан. Арафат – Адам ата (а.с.) мен Хауа анамыздың жұмақтан шығарылғаннан кейін кездескен жері.

picture
Мина алқабы

Дәл осы жерде Ибраһим (а.с.) пайғамбар қажылық амалдарын бекіткен. Қажылық кезінде Мина алқабы әлемдегі ең үлкен шатырлы қалаға айналады.

picture
Пайғамбар (с.а.у.) мешіті

Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі Исламдағы екінші маңызды мешіт. Пайғамбарымызды (с.а.у.) қарсы алған құтты мекен.

picture
Құрма бағы

Құрма бағы - Мәдинаның басты әрі ерекше табиғи көрікті жерлерінің бірі. Бұл жер биік құм төбелерімен қоршалған керемет оазис.

picture
Құба Мешіті

Ислам тарихындағы алғашқы мешіт. Ол ежелгі Ясриб қақпасының жанында салынған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол жерде төрт күн болды. Осы қысқа уақыт ішінде мешіт салып, онда бірнеше намаз оқыды.

picture
Ұхұд тауы

Ұхұд тауының жанында Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен Мекке құрайыштары арасында болған үлкен шайқастардың бірі өтті.

Компания туралы
picture

«Қызмет Саяхат» - Қазақстанның жетекші туроператорларының бірі!

picture

2006 жылдан бастап компания қажылық, ұмра, шетелде демалу және авиабилеттерді сатуды ұйымдастырумен айналысып келеді. Біздің ұжымның табысты жұмыстарының арқасында компания көптеген жолаушылардың сенімінен шығып, құрметіне ие болды.

picture

Компанияның жұмыс істеу әдістемесі - әрбір жолаушының келесі жолы қайта хабарласу ниетін оятады!

Қажылық турларын ұйымдастырудағы біздің серіктестер

Қазақстан қажыларының қажылық туралы пікірлері

Шарипа

Байжанова

Қүрметті қажылар, Айдос ұстаз!  Қажылыққа  барып келгендеріңіз құтты болсын, барлық тілектеріңіз қабыл болсын! Осы қажылықты ұйымдастырған Қызмет Саяхат ұйымының менеджері Медетке үлкен рахмет! Әсіресе Айдос ұстаз, Сіз өте мейірімді де тамаша жансыз. Сосын Айнұр сіңлім анаңыз екеуіңізге, Абубакир сізге де көп рахмет! Әрдайым анам Шарипаны қолдап жүрдіңіздер! Тілектеріңіз қабыл болып, қуанышқа бөленіп жүре беріңіздер. Аллах әрдайым қолдап жүрсін. Сіздерге алғысым шексіз!

Бахытгүл

Искакова

Нуртуған,Жигер!

Сіздерге шын жүректен рахмет. Сізге осындай болғаныңыз үшін рахмет-мейірімді, шынайы, ашық, қамқор. Мен алғыс сөздерімен бірге сіздерге амандық, бейбітшілік, денсаулық және өміріңізде үлкен бақыт тілеулерін тілегім келеді. Алла разы болсын!??????

Үмітбек

Сарқытқан

Ассалаумағалайкум  үлкен рахмет қызмет сайахат ұжымына  нуртуған жол жетекшіге және сапарда бірге болған аға-апайларға жігіттерге   Жақсы  сапар болды  АЛЛА тағалам  сауаптан жазып аман-есендік болып Жақсылықтар бола берсін иншыалла

Раушан

Өскенқызы

Қажылығымызды Алла қабыл етсін. Үлкен қажылықты нәсіп етсін. Өздеріңізбен 10 күн тез өте шықты. Бізге осындай жайлылық силаған Қызмет саяхат ұжымына алғысымыз шексіз. Жақсы қонақ үйде, дәмді тамақтар болды. Көп жерді көрдік. Көп мағлұмат алдық. Ғалымжан ұстазға алғысымыз ерекше. Үш рет Ұмра өтедік. Алла разы болсын.

Бақытжамал

Рахимбаева

Қызмет саяхат ұжымына,ұстаздарға мың алғыс АЛЛА тілеулеріңді берсін.Барлығы  жоғары деңгейде өтті білмейтінді біліп жақсы білім алдық.Көп жасағаннан сұрама көп көргеннен сұра демекші.Оқыған жоғары білімді ұстаздар жарайсыңдар.Жігер Нұртуған мың алғыс ??? мен 80-дегі апаңмын Нуртуған сенімен отанымызға келіп түскеннен киін қоштасып ризашылығымды айтамын ғой деп ойлағам қалып қойыпсың.Көп-көп рахмет???❤️?‍♀️

Сауле

Махатаева

Әумин ұстаздарға көп рахмет,жас болсада бас болып біздерге үлкен  қызмет жазадыңыздар, жұмыстарыңыз жемісті болсын, отбастарыңызд береке, бірлік болсын.Қызмет саяхат ұжымына  табыс,ауызбіршілік тілецмін

Гульжанат

Илиясова

Көптен көп рақмет, Сізге Нұртуған ұстаз! Алланың нұры әрдайым Сізге жауа берсін?? Осы бір аптадан аса қанша діни тарихи ақпартты жан тәніңізбен бір ғана ауыз сөзбен жүрекке жеткізгеніңіз үшін мың да бір алғыс?? Қызмет саяхат ұжымына алғысымыз шексіз! Әсіресе біздің ұстаздарға — Аян, Абылайхан, Жанарбек және Нұртуған ұстаздарға! Қызметтеріңіз алға баса берсін??  Туған тусқандарыңызға, отбасыларыңызға ұзақ және бақытты ғұмыр тілеймін! Қызмет саяхат ұжымына жылдан жылға қасиетті, киелі сүйікті пайғамбарымыздың еліне Алла тағала құлшылық жасаймын, парызымды өтеймін деген отандастарымыз көп болуына тілектеспін??

Ардақ

Ашимова

Жигер устаз,сызге коп рахмет! Кабыл болсын!?Казакстанымыз тыныш ,елымыз жерымыз аман болсын!??

Бауыржан

Досқазиев

Ұстаздар Алла разы болсын, Алла ісіңізге берекетін берсін, дендеріңізге саулық берсін осындай ұстаздарды оқытып білім беретін медреселеріміз көбие берсін , еліміз тыныш жұртымыз аман болсын

Гулмира

Оразбекова

Устаздар Алла разы болсын. Улкен рахмет сиздерге. ??‍♀️???? Алла истеп жаткан жаксылыктарына мол сауаб берсин сиздерге

Рахила

Дюсенбек

Қажы аталар,апалар,қыздар, бауырдар барлықтарыңызды қажылық сапарымыздың жақсы өткеніне біріншіден Аллаға рахмет, екіншіден ұстаздарға рахмет, бүгінгі жума мубарак болсын келе жатқан ораза қабыл болсын тілеген дұғаларды,намаздарымызды Алла қабыл етсін, үлкен қажылықта кездесуді нәсіп етсін аман болайық, аспанымыз ашық болсын дендеріңізге саулық бастарыңызға  амандық тілеймін

Абай

Пшенбаев

АЛЛА дан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі Барлық мадақ АЛЛА ҒА жарасқан Жаратушы иемізге мыңда бір рахмет арамызға сондай ұстаздарды бізге қосқан

Дария

Нұркасымова

Құрметті Қызмет Саяхат ұжымы,  Ақылбек ұстаз, Нұртуған ұстаз, Қызыр ұстаз сіздерге алғысымыз шексіз! Әрдайым Алланың ризашылығына болыңыздар! Құрметті жамағат, қажылар, барлығымыздың дұға тілектеріңіз қабыл болсын! Отанымыз тыныш, отбасыларыңыз аман болсын! Сіздердей жақсы адамдармен бірге болғаныма қуаныштымын! Осы сапардан алған әсеріміз өмірімізге азық болсын! Қияметке шейінгі ұрпағымыз салиқалы ұрпақ болсын!

Жамалжан

Сарсетаева

Осы қажылықты ұйымдастырған Асылбекке үлкен рахмет. Үйге аман-есен жеттім. Құлшылығымызды Аллам қолдап, қабыл етсін. Әлхамдулилаһ, барлығы
ойдағыдай өтті. Баршаңызға Алла разы болсын. Жұма мүбәрак болсын. Алла дұға, тілектеріңді қабыл етсін иншаллаһ.

Қазақстаннан келген қажылар ұмра қажылығы бойынша жиі қоятын сұрақтар:

Саяхатқа, ақылға қонымды ақылға, көлікті пайдалануға және махрамға (әйелдер үшін) еріп жүретін әрбір жыныстық жетілген мұсылман өле алады.

Егер сіз исламның барлық ережелерін сақтамасаңыз да (харам тамағын жеп, күніне 5 рет намаз оқымаңыз), сіздің умраңызды Құдай қабылдауы мүмкін! Аллаһу, сіз рухани даму жолында болғыңыз келеді

Саяхатқа, ақылға қонымды ақылға, көлікті пайдалануға және махрамға (әйелдер үшін) еріп жүретін әрбір жыныстық жетілген мұсылман өле алады.

Егер сіз исламның барлық ережелерін сақтамасаңыз да (харам тамағын жеп, күніне 5 рет намаз оқымаңыз), сіздің умраңызды Құдай қабылдауы мүмкін! Аллаһу, сіз рухани даму жолында болғыңыз келеді

Саяхатқа, ақылға қонымды ақылға, көлікті пайдалануға және махрамға (әйелдер үшін) еріп жүретін әрбір жыныстық жетілген мұсылман өле алады.

Егер сіз исламның барлық ережелерін сақтамасаңыз да (харам тамағын жеп, күніне 5 рет намаз оқымаңыз), сіздің умраңызды Құдай қабылдауы мүмкін! Аллаһу, сіз рухани даму жолында болғыңыз келеді

Саяхатқа, ақылға қонымды ақылға, көлікті пайдалануға және махрамға (әйелдер үшін) еріп жүретін әрбір жыныстық жетілген мұсылман өле алады.

Егер сіз исламның барлық ережелерін сақтамасаңыз да (харам тамағын жеп, күніне 5 рет намаз оқымаңыз), сіздің умраңызды Құдай қабылдауы мүмкін! Аллаһу, сіз рухани даму жолында болғыңыз келеді

Саяхатқа, ақылға қонымды ақылға, көлікті пайдалануға және махрамға (әйелдер үшін) еріп жүретін әрбір жыныстық жетілген мұсылман өле алады.

Егер сіз исламның барлық ережелерін сақтамасаңыз да (харам тамағын жеп, күніне 5 рет намаз оқымаңыз), сіздің умраңызды Құдай қабылдауы мүмкін! Аллаһу, сіз рухани даму жолында болғыңыз келеді

Қажылық фотогалереясы

Қажылық турлары бойынша инфографика